Skip to content

«ЖАС ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР КӨМЕКТЕСУГЕ АСЫҒАДЫ!»

Бүгін 2023 жылғы 22 қараша күні «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасы» МКҚК облыстық «ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ» жобасының шеңберінде Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірігіп «Жас өрт сөндірушілер көмектесуге асығады!» өрт сөндіру бойынша іс-шарасы өтті. Іс-шара балалардың өрт қауіпсіздігі және өрт кезінде өзін ұстау ережесі туралы балалардың білімін бекітуге бағытталған.

Іс-шара барысында өрт сөндірушілер балақайларға өрттің пайда болу себебін және өртті сөндірудің бірніш құралдары туралы айтты, егер балалар қолдарына сіріңке алса, соның солдарынан қандай қорқынышты салдары болуы мүмкіндігін жете түсіндірді. Балалар VАҮ ТОҮда «Үлкен өрт» ойынын көрсетті, ойында «Әлемдісақта» тобы «Отқа» қарсы болып, олар «Оттың» жолын кесіп, оны ойын алаңынан шығармауға тырысты. Балалар «Өртті сөндір», «Досыңа көмектес» ойындарына қатысып, «Мен от туралы не білемін» сұрақ-жауап ойынына қатынасып, жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған